Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ысқырып, қол бұлғап, есік ашуды өтіндік": Қазақстандық Алматыдағы жаңа халықаралық әуежай қызметіне шағымданды

Стамбул-Алматы рейсінің жолаушысы Алматының жаңа халықаралық әуежайына шағымданды. Айтуынша ұшақтан түскеннен кейін жолаушылар әуежайдан шыға алмай біраз күтіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан

Әйел шағымын Facebook парақшасына жазған. Айтуынша жолаушылар барынша шыдамдылықпен күткен. 

“Сағат 3:00-де Ыстамбұлдан келген Turkish Airlines жолаушылары әуежай аумағына өте алмады. Алдымен олар шыдамдылықпен күтті. Кейін ысқырып, белгілер беріп, қол бұлғап, қызметкерлерге есікті ашуды өтінді. Бірақ ешкім есікті ашпады. Қайта біраз уақыттан кейін VIP аймақтан VIP person-ды күтіп алуға келген адам бізді көріп жақсы болды. Оған айтып барып, кейін бізді кіргізді. Ол бұлай етуге болмайтынын айтып, бізден кешірім сұрады. Алматы халықаралық әуежайы сіздер бұл жағдай туралы естімеген сияқтысыздар. Жаңа әуежайда жаңа қызмет алғым келеді”, – деп жазды ол.

Алматы халықаралық әуежайы Ыстамбұлдан келген ТК350 рейсінің жолаушыларынан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жағдайды түсіндірді.



"Бір мезгілде бірнеше рейстің келуіне байланысты әуе кемесі келгеннен кейін әуежай үй-жайларына 3 минут ішінде кіруді қамтамасыз етуде кідіріс орын алды. Бірінші жолаушы ұшақтан 3:18-де шықты. Ал 3:21-де агент галереяның есігін ашты. Шыдамдылық пен түсіністік танытқаныңызға алғыс айтамыз. Алматы әуежайы болашақта мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда", - деді әуежайдың баспасөз қызметі.

Талқылау