Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іштегі батареямен 5 күн жүрген: Атырауда көз жұмған балаға қатысты жантүршігерлік деректер айтылды

Атырауда батарея жұтып көз жұмған балаға қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Прикаспийская коммуна» порталына сілтеме жасап. 

малыш

Баланың батарея жұтқан күйі бес күн жүргені белгілі болды. 22 желтоқсан күні Атырау облыстық балалар ауруханасына батарея жұтып қойды деген күдікпен бала келіп түскен. Рентген жасалған кезде ішінде бөгде зат бары белгілі болды. Алайда дәрігер оны тексерген соң, ертесінде қайтып әкелуді сұраған. Ертесінде баланы кезекші хирург қарап, балалар дәрігеріне бағыттайды. 

«Алайда ата-анасы балаларын бұл дәрігерге қаратпай алып кетеді. Араға үш күн салып олар баланы қайтадан ауруханаға алып келіп, хирургия бөліміне жатқызылды. Сол күні наркоздың көмегімен, эндоскопиялық жолмен затты денеден шығармақ болады. Алайда оның көлемі үлкен болғандықтан, дәрігерлер оны алып шыға алмады», - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер. 

27 желтоқсан күні отаны штаттан тыс шақырылған дәрігер жасады. Алайда бұл да көмектеспей, ол көз жұмды. Дәл қазір аталған фактіге сәйкес, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Талқылау