Ішкі істер министрлігі "Жүгір немесе өлесің" ойыны туралы мәлімдеме жасады
Ішкі істер министрлігі "Жүгір немесе өлесің" ойыны туралы таралған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде "Жүгір немесе өлесің" сияқты жасөспірімдердің қауіпті ойындары туралы бейнежазбалар таралуда.
“Бүгінгі күні біздің елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ”, – деді ІІМ.
- "Көлік астына түсіп, газға тұншығып өледі": Балалар арасында тараған қауіпті ойындар қандай және олардың мақсаты не
- "Көліктің алдына жүгіріп шығады": Қазақстанда балалар арасында қауіпті ойын тарауда (видео)
Жалпы ағымдағы жылдың 9 айында елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 200-ден астам бала қаза тауып, 3 мыңға жуық бала жарақат алды. Бұл балалар жолаушы немесе жаяу жүргінші болған.
Ішкі істер министрлігі жол жүрісіне қатысушы кішкентай балаларды осындай абайсыз әрекеттерден қорғауға және барлығын жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”