Ішкі істер министрлігі Сәкен Майғазиев және Нұрлан Еспановтың ұлдарына қатысты билет сату ісін тексеруге дайын
Фото: https://www.instagram.com/espanov_olzhas/
Эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиев және Нұрлан Еспановтың ұлдары "Қайрат" пен "Реал" арасындағы матч билеттерін қымбат бағамен қайта сатқан болуы мүмкін. Бұл ақпаратқа байланысты пікір білдірген Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов, егер ресми арыз түссе, тексеру жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Бұл мәліметті алғаш рет сіздерден естіп отырмын. Егер қандай да бір адам ресми түрде шағым түсірсе, заң аясында тексеру жүргіземіз", – деді Әділов мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін әлеуметтік желіде екі әншінің ұлдары матч билеттерін 350-600 мың теңге аралығында сатқаны туралы жазбалар тараған еді. Алайда бастапқыда бұл билеттердің ресми бағасы 35 мың теңгеден басталған.
Кейінірек Олжас Еспанов бұл жазбалар әзіл ретінде жарияланғанын түсіндірсе, Майғазиевтің ұлы "досына жарнама жасағанын" айтқан.
Айта кетейік, кеше "Қайрат" чемпиондар лигасында "Реал Мадридтен" 0:5 есебімен жеңіліп қалды.
Алматыдағы саябақта агрессивті ер адам балаларға шабуыл жасады
Ол балаларды “пышақтап өлтіремін” деп қорқытқан
"Шәй құйып, сәлем салады, келіндік қызмет атқарады": Индонезиялық келін алған отбасы екі елдің тойы мен ерекше дәстүрлерін көрсетті
Бақберген шетелдік ару қарапайымдылығымен, жайлы мінезімен өзіне ғашық еткенін алға тартты