Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ирина Советжанқызы көзіне шөп салған күйеуін не себепті кешіргенін түсіндірді

Танымал қазақстандық журналист Ирина Советжанқызы көзіне шөп салған күйеуіy не себепті кешіргенін айтты. Ол бүгінде екі баласын өзі тәрбиелеп отыр.

Ирина Советжанқызы көзіне шөп салған күйеуін не себепті кешіргенін түсіндірді

Фото: instagram.com/irina_31

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.

– Екі балаңды жалғыз өсіріп жатырсың. Неге?

– Жолдасым екеуіміз ажырасып, қазір бөлек тұрып жатырмыз. Ажырасқан сәтте кіші ұлым үш айлық болды. Сол себепті балаларымды анама апарып, өзім жұмысқа шықтым. Ешқашан күйеуімнен таяқ жеп көрген емеспін. Ол ішімдік ішпеген, қазір де ішпейді. Көзіме шөп салған кездері болды. Бірақ ол ажырасудың негізгі себебі емес.

– Демек сен жолдасыңның көзіңе шөп салғанын біле тұра оны кешірдің? Күйеуіңнің көзіңе шөп салып жүргенін қалай білдің?

– Иә, кешірдім. Әйел адам көп нәрсені арнайы біреу келіп айтпаса да, сезіп отырасың. Бастапқыда үйге келмей, кешігіп келетін әдеттерінің жиілеуіне байланысты байқадым. 3-4 күн жоқ болып кететін кездері болды. Арамыз қатты суып кетті деп айта алмаймын. Мен сол нәрсеге дайын болдым. Әйел адам баламен үйде отырған кезде күйеуінен көп өзгеріс байқайды. Мен барлығын бастапқыда қалыпты жағдай деп қабылдадым. Бізде басқаша тәрбиеледі: әйел баласын бағып үйде отырады, еркек отбасына нан тауып келеді. Жауға жарамды білдірмеу үшін сезсем де сезбегендей, көрсем де көрмегендей болып жүрдім.

– Оның бұл қылығына қанша уақыт төзіп жүрдің?

– Бір айдай. Өте ұзақ уақыт емес. Бірақ сол сәт мен үшін өте ұзақ, қиын болды. Өйткені мен жаңадан босанып, перзентханадан шыққан сәтте бірден біле бастадым. Әйел адамның үйде отырып алып сыныққа сылтау іздегені де болмайды ғой. Оның үстіне жұмыстан шаршап келеді. Сол себепті бастапқыда сезсем де сезбегендей болып жүрдім.

– Ал күйеуің үйден алшақтап, кешігіп келіп жүргенде қандай сылтау айтатын?

– Жұмыс бабымын жүргенін айтатын. Қазір ойлап қарасам, жұмыс бабымен кететіндей нақты сылтаулары болмаған. Әдеттегідей ақталды.

– Неліктен сен оны кешірдің?

– Біріншіден, балаларды әкесіз қалдыруға менің қақым жоқ. Біздің ортақ балаларымыз бар. Мен балаларымның әкесімен бірге өскендерін қалаймын. Әкелерінің аялы алақанын көріп өссе деймін. Бір жағынан бізде сезім болды. Ол сәтте шаңырақ құрғанымызға 4 жыл ғана болған еді. Кез келген адам қателікке барады. Тек сол қателік уақытында түзелген жағдайда кешіруге болады. Сол себепті шамам келгенше кешіруге тырыстым. Жағдай ушығып кетті ғой деймін. Соңында кешіре алмадым.

– Бір айдан кейін не болды?

– Сол сәттер қайталана бастады. Сол уақытта маған тағы бір адамдардың сөзі әсер етті. Бәлкім ақымақтығым болған шығар деп ойлаймын… Біздің ішетін тамағымыз болмай қалған күндер болды. Мен ондай нәрсені ешкімге айтпай жүргенмін. Бірнеше күн жоқ болып кетті. Жанымдағылар “Сен осылай отыратын адам емессің ғой” деп қайрап айтты. Осы сөздер намысыма тиді. Өзім үшін болмаса да, балаларым үшін нақты бір шешім қабылдауым керек шығар деген ойға келдім.

– Күйеуіңнің қайтып оралып, кешірім сұрағанын күттің бе?

– Бастапқы кезде қатты күттім. Күйеуімнің әжесімен құрбылар секілді қатты жақын болдық. Сол кісілер келгенмен, күйеуім келмеді. Ал мен, шын мәнінде, оны күттім. “Мұндай жағдай кез келген отбасында болады. Сендерді ешкім күштеп қосқан жоқ. Қайтадан қолұстасыңдар” деген тұрғыда ақылдарын айтты. Бірақ біздің қарым-қатынасымыз үлкен кісілерге емес, оған керек болуы керек қой. Бастапқыда оның өзін күттім. Ол маған өте кеш келді.

 

Талқылау