"Кешірім сұрасын!": "Ирина Кайратовна" тобының концертіндегі бишілердің әрекетіне қатысты жанжал шықты (видео)
"Ирина Кайратовна" тобының Алматыда көрсеткен өнері қызу талқыға түсуде. Әлеуметтік желі қолданушылары концерт кезінде қазақтың ұлттық бас киімі – сәукелеге құрметсіздік көрсетілді деп наразылығын білдірді. Топтың акт директоры шағымдарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қойылым ортасында ұлттық киім киген бишілер сәукелелерін шешіп, бас киімдерін жерге лақтырып, билерін жалғастырады. Видеода көрсетілген жағдай желіде қызу талқыға түсті.
"Олардың кешірім сұрайтын видеосын күтейік", "Олар сәукелені лақтырған жоқ, жәй ғана бір шетке қойды ғой", - деп жазды желі қолданушылары.
Ал қойылым режиссері Рамзат Махаметов, қыздардың бас киімді еденге мұқият қойып, кейін жоғары көтергенін айтты.
"Біз бәріне таныс, әдемі, жеңіл әрі ұлттық нақышқа қарама-қайшы биді көрсеткіміз келді. Бұл шығармашылық. Артық ештеңе болған жоқ", - деді режиссер.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"