Иранның стратегиялық нысандарына шабуыл жасалды
Иранның әскери инфрақұрылым нысандарында жексенбіге қараған түні бірқатар ірі жарылыстар болды, бірқатар қалаларда әуе дабылы қағылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап.
ИРНА агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Әзірбайжан провинциясындағы Шахид-Салими қаласында мотор майларын шығаратын ірі зауыт өртенген.
Сондай-ақ, әскери қойма мен оқ-дәрі жасау орталығы да жарылды.
Тегеранда ұшақтар көтеріліп, үкіметтік ғимараттарға шабуыл жасалған.
Иранның қорғаныс министрлігі оқ-дәрі өндіретін орталықтардың біріне ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуыл жасалғанын растады.
"2023 жылдың 28 қаңтарында кешке сағат 23:30 шамасында қорғаныс министрлігінің орталықтарының біріне дрондар сәтсіз шабуыл жасалды. Олардың біреуін әуе қорғанысы соққыға жықты, ал қалған екеуі қорғаныс тұзағына түсіп, жарылды", – делінген хабарламада.
Иран әскери нысанына шабуыл жасаған дрондар қай елге тиесілі екені әлі айтылмады. Алайда Al Arabiya телеарнасы Израиль әскери индустриясын жою мақсатында Иран аумағында арнайы әскери операция бастағанын хабарлады. Тель-Авив бұл мәлімдемеге әлі түсініктеме берген жоқ.

"Әйелдерді ылғи ұрысқақ, долы, толық етіп көрсетеді": Қоғам белсенділері қазақ киносындағы әйелдің образы неге өзгермейтінін талқылады
