Ирандық жігіттер гей бауырының басын кесіп тастады
20 жастағы ирандық әскерге бармас үшін, өзінің гей екенін айтқан. Осыдан кейін қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Гей жігітті екі немере және бір өгей ағасы өлтірген. Күдіктілер туысының гомосексуализмі туралы үйіне пошта арқылы келген мекеменің анықтамасынан біліпті. 20 жастағы жігіт Иран армиясына шақырылмауы үшін өзінің гей екенін айтқан.
Қаза тапқан Али Фазели отбасымен бірге тұрмайды екен. Ол армия құжаттарын алу үшін үйге келгенде, ағайындылар көлікке апарып, басын кесіп алған. Содан кейін олар анасына қоңырау шалып, жалғыз ұлының денесін қайдан іздеу керектігін айтқан.
Күдіктілер ұсталды. Адам құқықтары жөніндегі топтар қайғылы жағдайға наразы және Иран басшылығына мемлекет жыныстық азшылықтарды қоғамдық шабуылдардан қорғамайды, керісінше қоғамдағы осындай көңіл-күйге ықпал етеді деп айыптайды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"