Ирандағы жер сілкінісінен 300-дей адам жарақат алып, екі адам көз жұмды
Иранда 5,9 баллдық жер сілкінісі салдарынан 300-ден астам адам жарақат алып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Irna сайтына сілтеме жасап.
Жер сілкінісі Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан провинциясының Хой қаласында 28 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 21:44 шамасында (Астана бойынша 29 қаңтар 1:14) болды.
Тегеран сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің кұшті болғаны соншалық – Батыс Әзірбайжан велаятының көптеген аудандарында сезіліп, тұрғындарды алаңдатты.
Ол сондай-ақ бірнеше қалаларда, соның ішінде провинцияның астанасы Тебризде, көршілес Шығыс Әзірбайжан провинциясында сезілді.
Еуропалық-жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісі Түркияда, Иракта, Арменияда және Әзірбайжан Республикасында да сезілді.
Естеріңізге салсақ, 29 қаңтарда таңертең Иранда стратегиялық нысандарда бірқатар жарылыстар болғаны хабарланды.

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
