Иранда үкіметке қарсы наразылықтарға қатысқан 22 мың адам кешірілген
Иранның сот билігі үкіметке қарсы наразылықтарға қатысқан 22 мың адамға рақымшылық жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Irna сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы сот жүйесінің басшысы Голамхоссейн Мохсени Эджей мәлімдеді.
2023 жылдың ақпан айында Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Али Хаменей "он мыңдаған" тұтқындарға, соның ішінде жақында үкіметке қарсы наразылықтар кезінде қамауға алынғандарға кешірім берді.
"Барлығы 82 мың адам кешірілді, оның ішінде осы 22 мың адам наразылықтарға қатысқан", – деді Эджей.
Сонымен бірге Иран басшысы адамдарға қандай мерзімде кешірім жасалғанын және оларға айып тағылғанын нақтыламады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен