Иранда хиджабты дұрыс кимегені үшін өлтірілген Махса Амини туралы жазған журналистер бас бостандығынан айырылды
Иран соты Махса Аминидің өлімі туралы арнайы ақпарат жариялағаны үшін екі журналист – Элахе Мохаммади мен Нилуфар Хамедиді жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: rus.err.ee
Олар "АҚШ үкіметімен ынтымақтастық жасады" деп айыпталды. Сот үкіміне 20 күн ішінде шағымдануға болады.
Мамыр айында Біріккен Ұлттар Ұйымы журналистерге "Баспасөз бостандығы үшін" жетекші сыйлығын берген еді.
Фото: euronews.com
Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын хиджаб киюге қатысты ұлттық ережелерді сақтамағаны үшін моральдық полиция қызметкерлері Махса Аминиді соққыға жығып, артынша қыз қаза болған еді. Иран үкіметі мен мемлекеттік мекемелер Махса Аминидің қазасына жүрек талмасы себеп болғанын хабарлаған болатын.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен