Иранда хиджабты дұрыс киюді бақылайтын жаңа қызмет құрылды
Тегерандағы Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы Хасан Хасанзаде әйелдердің киім үлгісін қатаң бақылау үшін жаңа құқық қорғау ұйымы құрылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Azarryq.org басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: msmagazine.com
Ислам революциясының Сақшылар корпусының мәлімдеуінше, жаңадан құрылатын ұйым қыметкерлері әйелдердің қоғамдық орындарда "жауапкершілікпен" бетперде, хиджаб киюін одан әрі қамтамасыз ету үшін арнайы дайындықтан өткен.
Бұл хабарландыру Иран билігінің соңғы күндері моральдық тексеруді күшейткені, оның барысында пайда болған суреттерге қарағанда, рейдке қатысушылар әйелдерге дөрекі қарым-қатынас жасағаны туралы хабардан кейін айтылды.
Айта кетейік, бұған дейін Иранда хиджаб киюден бас тартқан Роя Хешмати есімді әйелді құқық қорғау органдары ұрып-соққаны туралы жазған едік.
Иранда хиджаб кимегені үшін жаза 1980-90-жылдары өте кең таралып, кейінгі екі онжылдықта сирек қолданылған.
Жақында ғана парламент қабылдаған хиджаб туралы заңда дүре соғу жазасы алынып тасталды. Соған қарамастан олар Хешматиді соққыға жыққан. Алайда ол тепкі астында қалса да, мәжбүрлікпен хиджаб киюден бас тартты. Оның бұл батылдығы Иран халқын тәнті етті.