Иранда хиджаб киюді міндеттейтін заң ресми түрде күшін жойды
Фото: pixabay.com
Иранның Мақсаттылықты тексеру кеңесінің мүшесі Мохаммадреза Бахонер елдегі хиджабты міндетті түрде кию туралы заңның күшін тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Free Iran” Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Бахонердің айтуынша, хиджаб туралы заң жобасы енді заңды күшке ие емес және іс жүзінде қолданылмайды.
"Құқықтық және заңдық тұрғыдан алғанда, хиджаб туралы заң жобасы енді орындалуға жатпайды. Иранда хиджаб кию енді заң жүзінде міндетті емес, және бұл үшін ешқандай айыппұл, жаза немесе құқықтық салдар болмайды. Мұны полицияға да айтыңдар!" – делінген Мохаммадреза Бахонер жазбасында.
Бұл мәлімдеме елдегі хиджаб мәселесіне қатысты ұзаққа созылған қоғамдық пікірталастар мен талқылаулар аясында жасалды. Енді Иран тарихында хиджаб кию алғаш рет әрбір әйелдің жеке таңдауы ретінде танылып отыр.
Бұл өзгеріс Иранның құқықтық және әлеуметтік кеңістігінде маңызды тарихи қадам ретінде бағаланып, жеке еркіндік пен таңдау құқығын құрметтеу қағидасын нығайта түседі.
"Қараудың өзі жиіркенішті": Мұғалім хиджаб киген оқушыларды тұрғызып, сөгіс жасаған (видео)
Қазақстанда хиджабқа тыйым салынған ба? – Ішкі істер министрлігі жауап берді
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда IELTS емтиханынан 8.0 балл алған мұғалім хиджаб киетіні үшін мемлекеттік мектепке жұмысқа қабылданбаған. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқы тудырды. Бір тарап мұғалімнің сырт келбеті емес, білімі мен кәсіби қабілеті маңызды деп санаса, екінші тарап мектептің зайырлы сипатын және діни ықпал қаупін алға тартты. Оқу-ағарту министрлігі мектептерде тек классикалық киім үлгісі рұқсат екенін және педагогтар зайырлы қағидаларды ұстануға міндетті екенін түсіндірді. Ал кейбір құқық қорғаушылар бұл жағдайды дін белгілері бойынша кемсіту деп бағалап, заңсыз әрекет деп атады.
"Әсіресе аяғы ауыр әйелдер мен балаларға өте қауіпті": "Гонконг" тұмауын кәдімгі тұмаудан қалай ажыратуға болады