Иран Ресейге баллистикалық зымырандарын бермек
Иран Ресейге баллистикалық зымырандарын бермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Tasnim News Agency
Әзірге зымырандар қалай жеткізілетіні, ауқымы мен жеткізу мерзімі, зымырандардың түрлері туралы ақпарат жарияланбады. Алайда шенеуніктердің бірі зымырандарды тасымалдау бірнеше күн ішінде басталуы мүмкін екенін айтты.
2024 жылдың қаңтарында Иран Ресейге 400-ге жуық баллистикалық зымырандэ, оның ішінде 300-ден 700 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысаналарды атуға қабілетті Фатех-110 зымырандарын берген.
Еске салсақ, бұған дейін Ресей Украинаның Полтава қаласына соққы жасап, 41 адам қаза тапқан еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар