Иран президенті Украина елінен кешірім сұрады
Иран президенті Хасан Роухани украиналық Boeing 737-800 ұшағын атып жерге құлатқаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Хасан Роухани Украина халқына және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Сондай-ақ, ол 176 адамның өмірін жалмаған қайғылы жағдай үшін кешірім сұрады. Хабарламада Иран басшысының өз әскерилерінің қателігін мойындағаны туралы жазылған.
Ресми Тегеран әуе апатына қатысы бар адамдардың барлығы жазаланатынын және украиналық сарапшы топқа "қажетті қолдау жасалатынын" айтып сендірді.
Украина президентінің айтуынша, атып құлатылған украиналық ұшақ экипажы халықаралық ұшу ережелері мен нұсқаларын қатаң сақтаған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Иран украин әуе кемесін зымыранмен атып құлатқанын мойындаған еді. Ирандықтар бұл әрекетті әуе кемесін жау ұшағымен шатастырдық деп ақталыпты.
240 мың теңгелік ноутбукты 440 мыңға сатқан: Техника дүкендері қосымша бағдарламаларды орнатуды талап ете ала ма
Маман ақшаны сот арқылы нақты дәлелдер келтіріп өндіруге болатынын айтты
Марқұмның бөлмесіне дән шашып, айнаны неге жабады? Қазақтың жерлеу рәсімдеріндегі ырымдардың мәні қандай
Жанболат Қазанбаевтың айтуынша, ақ түстің қазақ дүниетанымындағы орны ерекше