Иран АҚШ-тың әскери базасына қарсы екінші шабуыл толқынын бастады
Иран америкалық Эйн-әл-Асад әскери базасына қарсы екінші шабуыл толқыны басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Иранның ислам революциясының қорғаушы корпусы (КСИР) Таяу Шығыс аумағынан АҚШ әскерлерінің шығарылуын талап еткен.
"Эйн-әл-Асад-қарсы ирандық зымырандардың екінші шабуыл толқыны басталды", - деп мәлімдеді Tasnim агенттігі.
Сөздерінше, Иран басшылығы адам өлімінің көбеюіне әсер еткісі келмейді екен.
Өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамп осы жағдайға байланысты Ақ үйде шұғыл кеңес өткізіпті. Мемлекет басшысымен пікірлесуге Пентагонның басшысы Марк Эспер және мемлекеттік хатшы Майк Помпео келген. Осыған сәйкес Трамп Ақ үй тарапынан үндеу жариялауға дайындалып жатқандығы айтылыпты.
Бұған дейін АҚШ-тың әскери базасы шабуылға ұшырағаны айтылған еді. Иран тарапынан атылған 15 зымыранның 11-і нысанаға дәл жеттіпті.
Талқылау
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”