Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иракта бір жынысты қарым-қатынас үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді

Ирак парламенті бір жыныстылардың қарым-қатынасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы заң қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

KU<N

Тиісті заң сенбіде қабылданды. Иракта бір жынысты қатынас жасағандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырырылады.

Ирак парламентінің пікірінше, бұл қадам діни құндылықтарды қорғауға бағытталған, бірақ оны елдегі ЛГБТ қауымдастығына шабуыл жасады деп мәлімдеген құқық қорғаушылар айыптап шықты.

Құжатқа сәйкес, заң "Ирак қоғамын моральдық ыдыраудан және әлемді шарпыған гомосексуализмге шақырудан қорғауға" бағытталған.

“Оны негізінен Ирактың мұсылман Парламентінде ең үлкен коалиция құрған консервативті шейіт мұсылман партиялары қолдады”, - делінген мақалада.

Жезөкшелік пен гомосексуализмге қарсы күрес туралы заң гомосексуализмді немесе жезөкшелікті насихаттайтын кез келген адам үшін кем дегенде жеті жылға бас бостандығынан айыруды талап етеді.

Ол сондай-ақ "биологиялық жынысын" өзгертетін немесе әдейі әйелдік киінетін кез келген адам үшін бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Талқылау