AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ипотекалық тұрғын үйдің бастапқы жарнасы үшін: Зейнетақы жинақтарын пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілу ұсынылды

Қазақстанда тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өзгерістер жобасы "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" сайтында жарияланған.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидалары туралы министрдің бұйрығына өзгерістер жобасы дайындалды. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі төлемдерді мынадай мақсатта қолдануды ұсынып отыр:

1) тұрғын үйді сатып алу-сату, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша (ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдемей) тұрғын үйді меншікке сатып алуға байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша түпкілікті есеп айырысу;

2) бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғынжайды сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу, бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғынжайды және (немесе) тұрғынжайды сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу, ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру үшін бастапқы жарнаны енгізу;

3) қаражат жинақтау, алу, берешекті ішінара немесе толық өтеу, тұрғын үй сатып алу (оның ішінде бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу), жеке тұрғын үй салу (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы салымдарға аудару;

4) ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үй сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мәмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу;

5) тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген тұрғын үйді жекешелендіру, төлеу мерзімін ұзарта отырып сатып алу-сату, сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша ішінара немесе толық өтеу;

6) оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын тарта отырып, сондай-ақ осындай ипотекалық тұрғын үй қарызын немесе қайта қаржыландырылған ипотекалық тұрғын үй қарызын ішінара немесе толық өтеу үшін жеке тұрғын үй салу (меншігінде нысаналы мақсаты бар жер учаскесі болған кезде – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық);


Қарағанды облысында із-түссіз жоғалған алты баланың әкесі туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды 


7) ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдемей, кейіннен тұрғын үйді пайдалануға беру туралы актіні бере отырып, сатып алу-сату, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша жер учаскесін меншікке сатып алу (нысаналы мақсаты – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық);

8) жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен тіркеген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша, оның ішінде қарыздар алу және бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторы кепілдік берген салынып жатқан объектіде тұрғын үй сатып алуға осындай қарыздар бойынша міндеттемелерді төлеу үшін тұрғын үйдің (пәтердің) құнын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.";

Сондай-ақ бір жолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы ережеде көзделген мақсаттарға жеткіліксіз болған жағдайда, өз қаражатын пайдалануға рұқсат етіледі. Аталған құжат айдың соңына дейін көпшілік талқылауында болады.


 71 мың долларды шатасып, белгісіз адамға жіберіп қойған: Зейнеткер қателігі үшін үйінен айырылып қалуы мүмкін


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр