Ипотекалық несие алуға көмектесемін деген: Астанада 25 алаяқтық әрекетіне қатысы бар күдікті әйел ұсталды
Астанада 25 алаяқтық әрекетіне қатысы бар деп айыпталған күдікті әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Полицейлер мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық несие алуға көмектесемін деген желеумен 25 алаяқтық әрекетіне қатысы бар деген күдікке ілінген Астана тұрғынын анықтады.
Жәбірленушілер ешқандай келісімшартсыз күдіктінің банк картасына ақша аударғаны анықталды. Күдікті әйел ипотекалық несие арқылы баспана алуға көмектесу үшін 2 миллион теңгеге жуық сома талап еткен.
Жер теліміне қатысты алаяқтық: Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкерлері сотталды
Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз қылмысын мойындады. Алынған ақшаны әйел өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада алаяқтық жасау үшін күніне 10 мыңдаған қоңыраулар мен хабарламалар жасаған топ ұсталғаны туралы жазған едік.