iPhone 14 қашан шығатыны белгілі болды
Apple компаниясы жаңа өнімдерін 7 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.00-де таныстыратын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі компания сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Apple Park кампусындағы Стив Джобс театрында өтеді.
Apple тұсаукесерде iPhone 14 смартфондар желісін және Apple Watch Series 8 смарт-сағатын таныстыратын болады. Бұнымен қоса компания iOS 16 және басқа микробағдарламалардың шығу күнін жариялайды.
Сондай-ақ Apple тұсаукесер аясында Apple Watch SE 2 және Apple Watch Pro-ны таныстыруы мүмкін. Бұл туралы бұрын Bloomberg сарапшысы Марк Гурман хабарлаған болатын.
Мектепте хиджабқа ғана емес, діни сипаттағы кез келген киім элементіне шектеу қойылады – Дінтанушы
Дінтанушының пікірінше, талап оқушылар арасында әлеуметтік немесе діни ерекшеліктеріне қарай жіктелудің алдын алуға бағытталған
Астаналық әйелдің егіздері ішінде шетінеп кеткен: Туыстарының шағымынан кейін перзентхана тексеріліп жатыр
Іші көгеріп кеткен әйелді дерматологқа жіберіп, антибиотиктермен емдеген