Интимді видеоларын желіге жариялаймын деп қорқытты: Өзбекстандық әйел Атырау тұрғынынан ақша бопсалады
Атырау өзбекстандық әйел жәбірленушіні қорқытып ақша талап етті. Полиция қызметкерлері бопсалаушыны ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

51 жастағы қала тұрғыны полицияға өзін әйел адамның қорқытып, 50 000 теңге талап етіп жатқанын айтып шағымданды. Бопсалаушы әлеуметтік желіде жәбірленушінің қатысуымен болған интимдік видеоны таратамын деп қорқытқан. Бопсалаушы 32 жастағы өзбекстандық әйел болып шықты.
19 қаңтарда әйел банкке барып, бопсалаушымен бірге оның есепшотына ақша аудара бастайды. Сол кезде полиция келіп, бопсалаушыны ұстады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 194-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, деп толықтырды департамент.
"30 минутқа созылады, тез келемін деген еді": Астанада көзіне лазерлі ота жасатуға барған жалғызбасты ана қаза тапты
Қызы: "Дені сау адам өз аяғымен таза талдауларымен клиникаға кірген еді"
Ата-анамызды асырауға міндеттіміз бе? Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді
Желі қолданушысы: “Міндетті емес, бала “мені өмірге әкел” деп ешкімнен өтінген жоқ”