Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интим видеосы тарап, басы дауға қалған ақтаулық блогерлер сәбиінен айырылып қалғанын айтты

Хан тамада мен жары
Фото: Видеодан скриншот

Желіде интим видеосы тарап, басы дауға қалған танымал актаулық блогерлер Хан мен жары Алма Мырзабекова сәбиінен айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Хан лақап атымен танымал асаба ұятты видеолары тарап кеткеннен кейін жарының жүктілігі жайлы бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұраған еді.

Ал бүгін Алма Мырзабекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, ауыр қайғысын жеткізді. Кадрларда алғашқыда блогерлер жедел жәрдем көлігінде отырады, кейінірек блогердің жары аурухана палатасында отырғанын көрсетеді.

"Балапанымды жоғалттым. Әр ана үшін ішіндегі сәбиін жоғалту — сөзбен айтып жеткізе алмайтын ауыр қайғы...
Мен оны қолыма ұстап үлгермесем де, жүрегіммен сүйіп үлгердім. Ол менің арманым болды, үмітім болды, жүрегімнің бір бөлшегі болды”, – деп жазды ол.

Блогердің айтуынша, оның түсік тастауына өміріндегі кейінгі жағдайлар әсер еткен.

"Соңғы жағдайлардың әсері өзімнен бұрын балапаныма тиді. Алланың ісіне амалым жоқ. Жанымда болған осы сәтте отбасыма рақмет”, – деп жазды ол.

Мән-жайы

Бұған дейін көпшілікке "Хан" лақап атымен танымал ақтаулық блогер мен оның жұбайы жеке мобилографын интим видеоларын таратты деп айыптағаны хабарланған еді.

Асабаның айтуынша, видеоны әйелі екеуі жеке мақсатта түсіріп, кейін оны жасырын файлға сақтап қойған. Ал мобилограф олардың телефонының құпиясөзін білгеннен кейін видеоларды алып, таратып жіберген көрінеді. Ал блогердің жары видео тарағаннан кейін бейтаныс ер адамдардан әдепсіз хабарламалар келіп жатқанын айтып, тіпті суицид туралы ойлағанын жеткізді. Ол жұрттан видеоны көрмеуді және әрі қарай таратпауды сұрады.

Сондай-ақ асаба өзге де блогерлерге ескерту жасады.

“Блогерлер мен медиа саласындағы адамдарға үндеу жасағымыз келеді: мобилографтардан сақ болыңыздар. Телефондарыңызды бермеңіздер, құпиясөздеріңізді айтпаңыздар. Әрқайсыңызда осындай видеолар болуы мүмкін. Ешкім бұдан қорғалмаған”, – деді асаба.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 08 Мамыр, 2026 14:25