Intel компаниясы Ресейдегі жұмысын тоқтатты
Процессор өндірумен шұғылданатын ірі америкалық Intel компаниясы Ресейде өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпорын наурыз айында өз өнімдерін Ресейге жеткізбейтінін мәлімдеген еді. Компания енді Ресей аумағында өз жұмысын толық тоқтатты.
"Біз Ресейдегі барлық іскерлік операцияларды жедел тоқтатамыз. Бұл бұған дейінгі Ресейге және Беларуське өнімдерімізді жеткізбеу туралы шешімнен кейін қабылданды", - делінген компания хабарламасында.
Intel компаниясы – 1968 жылы құрылған. Кәсіпорын микропроцессор сынды компьютерге арналған бөлшектер және электронды құрылғылар өндірумен шұғылданады.
Айта кетейік, бұған дейін бірнеше компания Ресей аумағында жұмысын тоқтататыны туралы мәлімдеген еді. Олардың қатарында Coca-Cola мен McDonald’s бар.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі