Instagram-дағы бір пост арқылы миллиондап ақша табатын жұлдыздар кімдер?

Технология заманында ақша табудың жеңіл жолдары көбейді. Әсіресе, желіде оқырманы көп танымал жұлдыз болсаңыз, бұл тіптен оңай! Қазіргі таңда жұлдыздардың Instagram арқылы мол табысқа кенеліп отырғаны ешкімге де жасырын емес. Мәселен, Қайрат Нұртас әйгілі LG компаниясының ресми өкіліне айналып, сол арқылы қыруар қаржы тауып отыр.

insta arkyly bayip otirgandar

Қайрат сияқты еліміздегі әнші-актерлерден бастап, ақын-сазгерлерге дейін бүгінде жарнама арқылы бай-қуаттылардың қатарын көбейтіп отыр. Осы орайда Instagram желісі ең танымал жұлдыздардың прайс-қағазын жария етті, деп хабарлады НТК арнасының “Ревю” бағдарламасы.

Мамандардың айтуынша, желідегі оқырмандар саны көбейген сайын, жарнамаға төленетін ақша құны да артады. Мәселен:

«Бір жолы актриса Аружан Жазылбековаға тапсырыс бергенбіз. Ол бір постқа 100 мың, 200 мың теңгеден жоғары сұрайды», – дейді SMM менеджер Луиза Галимова.

Ал әнші Айқын бір сұхбатында 200-300 долларға жарнама жасап бере алатынын айтқан еді.

«Бір фото үшін кемі 150-200 доллар төлейді. Жалпы жарнама берушілер үшін бартер тиімдірек», – дейді ол.

Ал желідегі оқырмандар саны миллионнан асып жығылатын ең танымал жұлдыздар жарнама берушілермен ұзақ уақыттық келісімшартқа отырғанды жөн көреді. Олар бір пост жариялаумен шектелмей, бүтін бір брендтің айнасына айналғанды ұнатады. Соның арқасында жылына 6-7 миллион теңге табыс табады.

Ал тапсырыс арқылы түсірілетін вайн-видеолардың жөні тіптен бөлек.

«Қазір ең танымал вайнерлердің қатарында Yuframe бар. Вайн түсіру үшін ең жоғары бағаны сұрайтындар да солар. Қазір олардың құрамындағы актерлер өзгергенімен, жарнаманың ақшасы өзгермейді. Ол аз десеңіз, оқырмандар саны көбейген сайын жарнаманың құны да артады», – деді Луиза Галимова.

Аталған вайн жобасына жарнама беру құны кемі 600 мың теңгеден басталады екен. Сол сияқты еліміздегі ең рейтингті жұлдыздардың алдыңғы қатарында тұрған әнші Ерке Есмахан бір посттан 3 миллионға дейін табыс табатынын айтқан болатын. Ал еліміздегі ең даулы продюсер Баян Мақсатқызының парақшасына түсу үшін кемі 300 мың теңге қажет дейді мамандар.

Жіберіп алмаңыз:

Әнші Нұрлан Еспановтың жары рак ауруын жеңді

Қарақат сәбиінің кімге ұқсайтынын айтып, есімінің мағынасын түсіндірді (видео)

Төсекке таңылған сүйіктісіне 7 жыл қамқор болған жігіт жұбымен бірге Ернар Айдардың клипіне түсті (фото)

Димаш су тасқынынан зардап шеккен қытайлықтарға 14 миллион теңге аударды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр