"Инені түйіншекке орап кетіпті": Жазира Байырбекова өзін әлдекімнің дуалағанын айтты

Әнші Жазира Байырбекова өзіне қастандық жасалғанын айтты. Әлдекімдер ине мен жіпті түйіншекке орап, әншінің сұлулық салонына қалдырған екен. Оқиғаны әншінің өзі баяндап берді. 

"Салоныма біреу қағазға оралған түйіншек тығып, көрінбейтін жерге қалдырып кетіпті. Түйіншекті ашып көрсек, ішінде жіпке оралған ине және майдалап қиылған жіптер жатыр. Үлкендерден сұрасақ “дұшпандардың қастандық жасағысы келген әрекеті” дейді. Ешқандай дұшпанымыз жоқ сияқты еді. Мұндай жағдайда не істеуіміз керек? Сұлулық салонымда 3-4 күн бойы Құран қойып қойсақ, келушілер ренжімейтін шығар. Ұқсас оқиғалар кімде болды?", - деп жазды Байырбекоа. 

Желі қолданушылары мұның қастандық ойлағандардың ісі екенін анық айтып жатыр. 



"Бұл дуалаушылардың ісі, көреалмайтындардың жасап жүргені", "Біреуді дуалаушылар осылай түйіншекке орайды, "Мән бермеңіз, имамға барып дем салғызыңыз", "Оңбаған адамдар да болады екен ғой", "Әркім жасаған жаманшылығы үшін жауап береді, өмір кезек", "Дұға етіңіз, дем салдырыңыз, Құран оқыңыз", "Түйіншекті суға ағызып жіберіңіз", - деп кеңес айтты жанашырлары. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр