Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индустрия және инфрақұрылымдық даму мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері тағайындалды

Тамара Дүйсенова және Марат Қарабаев өз орындарында қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасымжомарт Тоқаев 4 сәуірде Тамара Дүйсенованы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне қайта тағайындады. 

Тамара Дүйсенова 1965 жылы Шымкент облысы, Сарыағаш ауданы, Ленинское ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Шымкент облысы Сарыағаш қаласының Ильич атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастаған.

  • 1988-1992 жылдары Өзбек КСР Мемлекеттік Жоспары жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтында экономист болып жұмыс істеді.
  • 1992-1993 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі болды.
  • 1993-1994 жылдары "Перизат-Холдинг" компаниясының бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы жұмыс істеді.
  • 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігі басшысының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
  • 1994-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары болды.
  • 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
  • 1997-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.
  • 1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
  • 2002-2006 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып жұмыс істеді.

Марат Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі ретінде қайта тағайындалды.

Ол 1987 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында туған. Ташкент автомобиль жолы институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің су шаруашылығы ғимараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасы сарапшысының м.а. ретінде бастады.  

  • 2011 жылдан 2013 жыл аралығында  — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті сервистік индустрияны технологиялық дамыту басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы. 
  • 2014-2015 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары м.а.  
  • 2015-2017 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысының орынбасары, басшысы. 
  • 2018-2019 жылдары — ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінде басшылық қызметтер атқарды.
  • 2019 жылғы тамыздан 2020 жылғы шілде аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.
  • 2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы қаңтарға дейін – ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
  • 2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
Талқылау