Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы болып сайланды

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы болып сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тасмағамбетов

Тасмағамбетовтың кандидатурасын Армения премьер-министрі Николь Пашинян ұсынған. 

Шешім Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қабылданды. Иманғали Тасмағамбетов алдағы 3 жыл бойы ұйымды басқаратын болады.

2020 жылдан бастап ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметін Беларусь Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засс атқарған еді. 

ҰҚШҰ жарғысына сәйкес, осы ұйымның Бас хатшысы мүше мемлекеттердің азаматтары арасынан ҰҚШҰ елдері Сыртқы істер министрлері кеңесінің ұсынуы бойынша Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен үш жыл мерзімге тағайындалады.

Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы дүниеге келген. Еліміздегі ең жоғарғы саяси қызметтерді атқарды. Қазақстан Үкіметін басқарды. Алматы мен Астана қалалары және Атырау облысының әкімі болды. Президент Әкімшілігіне жетекшілік етті. Қорғаныс министрлігінің де тізгінін ұстаған. Соңғы қызметі – Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі. Ол бұл қызметтен 2019 жылдың 18 желтоқсанында кетіп, зейнетке шықты.

Талқылау