Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды

Иманғали Тасмағамбетов зейнетке шығу жасына байланысты Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылды.

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды

Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін БАҚ бетінде Тасмағамбетовтің қызметінен кетуге дайындалып жатқаны тараған еді.

9 желтоқсанда Иманғали Тасмағамбетов 63 жасқа толды.

Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) облысының Новобогат ауылында дүниеге келген. Білімі бойынша ол география және биология пәндерінің мұғалімі, сонымен қатар философия ғылымдарының кандидаты және саяси ғылымдардың докторы. Тасмағамбетов еңбек жолын жаттықтырушыдан бастап, кейіннен мұғалім болды.

1989 жылы Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, 1990 жылы - Қазақстан Республикасы Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

1993 жылдан 1995 жылға дейін Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, 1995-1997 жылдары - премьер-министрдің орынбасары болды. Сонымен қатар, әр жылдары ол Президент әкімшілігі басшысының орынбасары және президенттің бірінші көмекшісі қызметін атқарды.

2002 жылы ол премьер-министр, 2003 жылы - Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Кейін Алматы (2004-2008) және Астана (Нұр-Сұлтан) (2008-2014) әкімдері болды. Тасмағамбетов 2017 жылғы 3 ақпанда Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елші болды.


Тағы оқыңыз

 

Талқылау