Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Тасмағамбетовтың Меккедегі суреті тарады

Instagram желісінде Иманғали Тасмағамбетовтың Меккеде жүрген суреттері тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Саясаткердің қажылыққа баруы туралы Мұхамеджан Тазабек өз парақшасында жазба қалдырыпты. 

"Жігіттің артық абзалы бір Аллаға сенеді (Нұртуған жырау)", - деп жазды ол.  Алматы қаласының бұрынғы әкімі болған Тасмағамбетов мұсылмандардың қасиетті қаласында өзінің туған күнін өткізген. Бұл туралы ақпарат Хикмет Travel туристік компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды. Иманғали Тасмағамбетовтың өзінің туған күнін Меккеде өткізуіне себеп  - 63 жастың Пайғамбар жасы ретінде есептелетіні болса керек.

"Қажылыққа келушілер - Аллаһтың қонағы болып табылады. Халықтың бір туар азаматы Иманғали ағамыз да 63 ке толып, пайғамбар жасында дастарханның төрінде емес, қасиетті Меккеде Аллаһтың қонағы болып қайтты. Тілеген тілегіңіз қабыл болсын. Иманғали ағамыздан Аллаһ Тағала разы болсын! Әмин", - деп жазылды сурет астындағы жазбада. 

Бұл туралы әлеуметтік желі пайдаланушылары жарыса жазба қалдырып жатты. 

Біреуі "Жарайсыз, аға! Дұрыс шешім", - деп жазса, келесі біреуі "Ниетіңіз қабыл болсын", - деген жазба қалдырыпты

Талқылау