Иманбаева ұлды болған экс-күйеуі Әбдіхалықовты құттықтады
Айгүл Иманбаева ұлды болған бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовты құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кеше актер, продюсер Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші некесінен екінші атұстары дүниеге келді. Әбдіхалықовтың тұңғыш ұлы Асылжан тағы да інілі болғанын жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Оны анасы Айгүл Иманбаева да құттықтады.

"Бауырыңның бауы берік болсын, балам", – деп жазды Иманбаева.
Сондай-ақ ол Әбдіхалықов пен оның қазіргі жары Динара Абдуллинаға ақ тілегін жеткізді.

Айта кетейік, бұл – Әбдіхалықовтың жетінші перзенті. Актердің Айгүл Иманбаевамен ортақ бір ұлы, Алтынай Жорабаевамен ортақ 4 қызы бар. Сондай-ақ үшінші некесінен екі ұлы өсіп келеді.
"Бір бала жансақтау бөлімінде": Ташкентке жарысқа барған 16 бала таңғы астан уланып, ауруханаға түсті
Балалардың жағдайы қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін нашарлаған
Қазақстанды дүр сілкіндірген теракт: Жалғыз адам екі сағатта қалай бірнеше адамның өмірін қиды
2011 жылы 12 қарашадағы шабуыл аяқ астынан болмады