Илья Ильин тағы бір лауазымға ие болды
Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тағы бір лауазымға ие болды. Ол қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жазды.
"Сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп тұр. Мен Қазақстандық спортшылар одағының @sportodagy Қызылорда облысы бойынша филиалын басқара бастадым. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген", - деп жазды ауыр атлет.
Илья Ильин Қызылорда өңірінде спортты дамыту үшін алдына үлкен жоспарлар қойғанын атап өтті.
Бұған дейін Илья Ильин Қызылордадағы "Мұз айдыны" кешенінің директоры қызметіне тағайындалған еді.
Сосын спортшының Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы атанғаны белгілі болды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған