Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Маск шығаратын арзан спутниктер бізді улап жатыр – Ғалым

NASA-ның бұрынғы ғалымы Илон Маск компаниясы жасаған Starlink спутниктерін пайдалану қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DailyМail-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: unsplash.com

Ол жердің магнитосферасы бұзылып, ғарыштық сәулелер деңгейі жоғарылауы мүмкін екенін атап өтті. Айтуынша, бұл тірі организмдерге теріс әсер етеді. 

NASA-ның бұрынғы физигі, доктор Сиерра Салтер-Хант Starlink спутниктері жер орбитасында металл шаңы жиналуына әкелуі мүмкін деп тұжырымдайтын жаңа зерттеу жариялады. Бұл планетаның магнит өрісінің өзгеруіне әкеп соғады, атмосфера мен тіршілік иелеріне қауіп төндіреді.

Доктор Сиерра Салтер-Ханттың жаңа зерттеуі Масктың SpaceX компаниясы сағат сайын Жер атмосферасындағы сымсыз интернет-спутниктерден шығатын 1,3 тоннадан астам ғарыштық қоқыстарды жағып, орбитада "өткізгіш бөлшектердің" металл қабатын жасайды деген болжамға негізделген.

"Мен қатты таңғалдым. Ғарыш саласында металл шаңының жиналуы туралы ешкім дұрыс зерттеу жүргізген жоқ”,– деді доктор Салтер-Хант.



SpaceX жасаған Starlink спутниктері қазірдің өзінде Жер орбитасын алып жатыр және олардың саны үнемі өсіп келеді. Бұған ғалымдар алаңдап отыр. Өйткені спутниктердің көбеюі қоршаған ортаға және тірі организмдердің денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Астрономдар уақыт өте келе компанияның ғарыштық қоқысы жердегі обсерваторияларға кедергі келтіреді деп алаңдайды. Себебі олар үшін ғарышты зерттеу мүмкіндігі мәңгі жабылады.

Доктор Салтер-Хант спутниктердің қоршаған ортаға әсерін тереңірек зерттеу қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ қауіп-қатердің алдын алу үшін шаралар қабылдау керек. Алайда кейбір астрофизиктер мен ғаламшарларды зерттейтін ғалымдар мақалада айтылған пікірге күмәнмен қарайды.

Бұған дейін Илон Масктың SpaceX компаниясының Starlink спутник терминалдары бірнеше елдің қара нарығында заңсыз сатылып жатқаны хабарланған. 

Заңсыз терминалдар Қазақстанда, Йеменде, Суданда, Венесуэлада, Оңтүстік Африкада және Ресей басып алған Украина аумағында таралып, қара нарықта көп табысқа кенелді.

Space X 2019 жылы спутниктік байланыс орната бастады. Бүгінге дейін Starlink шамамен 5500 спутниктік желі арқылы кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Талқылау