Ауыл мектептеріне арналған интернет: Илон Масктың Starlink қондырғысының алғашқы легі Қазақстанға жеткізілді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанға Starlink жабдығының алғашқы партиясы жеткізілгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің сөзінше, әзірге елге Starlink қондырғысы 500 данасы әкелінген.
“Алматыға жабдықты қабылдау барысын арнайы тексеру үшін келдім. Келесі аптада Түркістан және Ақмола облыстарындағы Starlink орнатуға толық дайын мектептерге жабдықтарды жеткізу басталады. Аталған облыстардың әкімдіктері барлық дайындық жұмысын жақсы жүргізді. Қалған өңірлерге 10 күннен кейін келетін келесі кезекте жеткізіледі”, – деп жазды министр.
Мусин барлығы 20 күн ішінде 2000 жинақ келетінін айтады. Олар елдегі 2000 шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін қолданылады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен