Ильин 4 адамның өмірін қиған тікұшақ апатының алдын ала себебін атады
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин БҚО-да 4 адамның өмірін қиған тікұшақ апатына байланысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Парламент Мәжілісі кулуарында министр тікұшақ апатының алдын ала себебін атады.
“Ми-8 тікұшағының борттық жазғышы халықаралық зерттеу ұйымына жіберілді. Ондағы мәлімет толықтай қаралады. Десе де, бей ресми мәліметтер бойынша апатқа ауа райының күрт бұзылуы себеп болуы мүмкін”, – деді Ильин.
Сонымен қатар министр нақты себебін халықаралық сараптама нәтижесі дайын болғанда айтатынына да тоқталды.
Еске салайық 23 ақпан күні БҚО-да Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 4 адам көз жұмған еді.
Шошқа тұмауы Қазақстанға жетті: Неден сақтану керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн
