Полиция WhatsApp-та белгісіз біреулердің қоңырауына қатысты ескерту жасады
Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы қазақстандықтарға ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: androidinsider.ru
ІІМ мәліметінше ылмыскерлер танымал WhatsApp мессенджері арқылы бейнеқоңырау шалады. Алаяқтарға біреудің атына несие рәсімдеуге деректерді алу үшін бірнеше секунд сөйлессе жеткілікті екен.
"Алаяқтар адамның бет-бейнесін түсіру үшін бейнеқоңырау арқылы хабарласады. Алаяқтар бейнеқоңырау шалып, адамның бет-әлпетін көшіріп, мобильді банкингте тексеруден өткен жағдайлар болды. Бейтаныс, әсіресе шетелдік нөмірлерден келіп түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеңіз. Ал егер жауап берген болсаңыз, бұл туралы 102 нөмірі бойынша полиция қызметкерлеріне дереу хабарлаңыз", – деп ескертеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады