IBA Германия, Швеция сынды 4 ұлттық бокс құрамасын қатарынан шығарып жіберді
Халықаралық бокс қауымдастығы 4 мемлекеттік ұлттық федерацияларын құрамынан шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қауымдастық директорлары кеңесі ұйымның Жарғысын бұзғаны үшін 4 мемлекеттің ұлттық бокс федерациясының қызметін тоқтатты. Тәртіптік жаза ретінде оларды құрамнан шығарып жіберген. Бұл қатарда Германия, Швеция, Нидерланд және Жаңа Зеландия бокс федерациялары бар. Яғни аталмыш ұлттық құрамалар заңсыз бокс ұйымы мүшелігінде болған.
Бір ерекшелігі олар белгілі бір шарттарды орындаса, құқықтарын толық қалпына келтіре алады.
Сондай-ақ, жыл сайынғы есептің болмауына байланысты Либерия бокс қауымдастығы мен Экваторлық Гвинея бокс федерациясының мүшелігі де қауымдастық құрамынан шеттетіліп отыр.
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық
Қазақстанда 62 жыл бойы не себепті Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды
Наурыз - діни мейрам, ескіліктің сарқыншағы деген жалған айыптар тағылды

