Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы екінші кездесуін ұтты
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы екінші матчында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Icehockey.kz
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы екінші матчын өткізіп, жеңіске жетті. Андорраның Канильо қаласында өтіп жатқан бәсекеде құрамамыз қытайлық Тайбейге қарсы ойнап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтың үздік ойыншысы ретінде соңғы шайбаны соққан, команда капитаны Анастасия Оразбаев деп танылса, Александра Шегай мен Юлия Буторина қарсылас қақпасына бір-бір шайбадан салды.
Айта кетейік, Шайбалы хоккейден ІІ дивизиондағы әлем біріншілігіне қатысып жатқан Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Мексика құрамасын 4:2 есебімен ұтқан еді.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"

