Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:Icehockey.kz
Андорраның Канильо қаласында өткен шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ІІ дивизионда чемпион атанды. А тобында өнер көрсеткен құрамамыз барлық матчта жеңіске жетті. Шешуші ойында Испания құрамасына қарсы өткізген хоккейшілеріміз 5:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан құрамасы 1В дивизионына жолдама алды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының үш ойыншысы әлем чемпионатында үздік деп танылды. Арина Щеколова үздік қақпашы атанса, Александра Шегай үздік шабуылшы болды.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады

