Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының соңғы ойынында жеңіске жетті
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатының соңғы ойынында Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның В тобында өнер көрсетті. Словения командасы отандастарымызға еш қарсылық көрсете алмады. Нәтижесінде қарсылас қақпасына тоғыз гол салды.
Бұл ойында гол соққан ойыншылар: Екатерина Куценко, Дарья Молдабай (дубль), Анна Пяткова, Пернеш Ашимова, Александра Воронова, Анастасия Оразбаева, Татьяна Королева және қайтадан Куценко.
Турнир қорытындысы бойынша қазақстандықтар екі ойында жеңіске жетіп, үш ойында жеңіліп қалды. Алты ұпай жинаған команда топта төртінші орынға ие болды. Бұл нәтиже құрамаға жоғары дивизионға көтерілуге мүмкіндік бермейді, бірақ төменгі дивизионға түсіп қалу қаупі де жоқ.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

