ХІХ Жазғы Азия ойындары: Велошабандоз Алексей Луценко алтын медаль иеленді
ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын медаль түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тас жолдағы веложарыста сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбашысы Алексей Луценко 48:05:75 уақыт көрсеткішімен Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың алтын медалын иеленді.
Алексей 39,7 шақырымдық қашықтықты 48:05,75 секундта жүріп өтіп, Қытай (50:05,83) мен Гонконг (50:17,76) велошабандоздарын басып озды.
Бұл Қазақстанның Ханчжоудағы Азия ойындарындағы бесінші алтыны.
"Алексейді жеңісімен құттықтаймыз! Ол өзінің шеберлігін ғана емес, сонымен қатар өзінің мінез-құлқын, сондай-ақ мәре сызығына дейін керемет жинақылығы мен байсалдылығын көрсетті. Оны мақтан тұтамыз", - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, Алексей Луценко 2014 және 2018 жылдардағы Азия ойындарының чемпионы атанған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған