Halyk Finance тәжірибесі: Пай қорын басқаратын компанияны қалай таңдаймыз?
Ақшаңыз бар, бірақ оны қалай еселеу керек екенін білмейсіз. Ал өз бетіңізбен инвестиция құйып, оны бақылап отыруға уақытыңыз да, білігіңіз де жетпей тұр. Мұндай жағдайда сенімді компаниядан пай қорларын алған жөн. Бүгінгі материалда Stan.kz агенттігі Halyk Finance-тың пай қорларына қатысты мүмкіндіктеріне тоқталады.
Фото: Freepik.com
Бұған дейін пай қорлары деген не екенін және ол арқылы қалай пайда табуға болатынын тарқатып жазғанбыз. Ал бұл материалда пай қорларын басқаратын компанияны қалай таңдау керек екеніне тоқталамыз. Адам пай қорын басқаратын компанияны таңдамас бұрын оның бірнеше негізгі факторына жіті мән беруі керек.
1. Тәжірибесі болуы керек
Пай қорын басқаратын компанияның тәжірибесіне мән берген жөн. Бұған дейін көп кикілжіңге тап болған компаниялардан аулақ болған дұрыс. Нарықта көп жылдан бері жүрген, тәжірибесі мол компанияға жүгінген абзал.
Қазіргі уақытта пай қорын басқаратын сенімді әрі көшбасшы компанияның бірі – Halyk Finance. Бұл инвестициялық компания Halyk Group құрамына кіреді. Олар активтерді басқарады, азаматтарға инвестиция жөнінде пайдалы кеңес береді, брокерлік қызметті, пай қорларын басқарады және тағы басқа қаржыға қатысты қызметтерді ұсынады. Halyk Finance компанияcы нарықта өзін сенімді серіктес ретінде таныта алды. Бүгінде олардың басқарып отырған клиенттерінің активтерінің жалпы көлемі –1,5 миллиард АҚШ доллары.
Halyk Finance 2004 жылы құрылды. Кейіннен олар пай қорларымен айналыса бастады. Мәселен, 2016 жылы "Halyk – Валютный" пай қоры пайда болды. Бүгінде бұл ұйым Орталық Азия бойынша ең көп актив басқарған компания болып саналады. Оған қоса олар кейінгі 8 жылдың ішінде құны 100 миллион доллардан асатын ірі активтерді басқарды. Ал командасында қаржы саласында көп жыл тәжірибесі бар мамандар қызмет етеді.
2. Сенімді болуы керек
Адам қомақты ақшасын салатындықтан, пай қорын басқаратын сенімді компанияны таңдағаны жөн. Компанияның халықаралық рейтингі, сертификаттары болғаны – оған сенім артуға бір себеп. Мысалы, Halyk Finance Fitch-тің "BBB-" деген рейтингін алған. Бұл – халықаралық несиелік рейтинг және инвестициялық тұрғыдан жоғары санат. Бұған ие компанияның қаржы жағдайы тұрақты, олар міндеттерін толық орындай алады деген сөз. Сол себепті инвесторлар осындай компаниямен жұмыс істесе, қауіп-қатер салыстырмалы түрде аздау болады.
3. Қоғамда беделі жақсы болуы керек
Қоғамда беделі жақсы, адамдар қызметін оң бағалаған компаниялармен жұмыс істеген дұрыс. Halyk Finance тұрақты түрде тәуелсіз сарапшылардан жоғары рейтингтер мен клиенттерден оң пікірлер алып үлгерген. Бұл олардың өз ісінің маманы екенін көрсетеді.
4. Жаңа технологияларды қолдануы керек
Жыл сайын жаңа технологиялар дамып, жасанды интеллект барлық салада қолданылып жатыр. Мұндай кезде пай қорларын басқаратын компанияның да бұл инновация құралдарын ұтымды пайдаланғаны маңызды. Дәл осы тұста Halyk Finance ұтып тұр. Олар қолданатын жаңа технологиялар мен инновациялар пай қоры иесі мен компанияға коммуникация орнатуға, құнды қағаздарын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.
5. Пай қорларының ассортименті көп болуы қажет
Инвесторлар үшін пай қорларын басқаратын компания ұсынатын инвестиция өнімдерінің түрі көп болғаны маңызды. Бұл клиенттерге қолында бар қаржыны және өз мақсатын ескере отырып, өзіне тиімді болатын пай қорын таңдауға, қаржылай қауіп-қатерді азайтуға, инвесторға нарықтың әр түрлі саласын көруге мүмкіндік береді.
Halyk Finance инвестиция өнімдерінің кең ауқымын ұсынады. Оның ішінде қауіп-қатер деңгейі төмен, нарықтың әртүрлі сегментіне бағытталған пай қорлары бар.
Halyk Finance-тың қандай пай қорлары бар?
Пай қорларын алу үшін миллионер не миллиардер болудың еш қажеті жоқ. Аз сома арқылы пай қорларын алып, табысты еселеуге мүмкіндік бар.
"Halyk Global" ИАПҚ – халықаралық нарықтағы әлемдік компанияларға инвестициялауға мүмкіндік беретін пай қоры. Мұнда басты артықшылық – бір елдің экономикасы нашарлап кетсе де, басқа нарықтағы үлесінің қатты шығынға батпайтынында. Бұған пай қорларын басқаратын компания арқылы кемінде 100 доллар салу қажет. 2024 жылғы 1 шілдедегі ақпарат бойынша, "Halyk Global" пай қорының кейінгі 12 айдағы табысы 7,28%-ға тең болған.
"Halyk Tenge" ИАПҚ – теңге арқылы инвестиция салғысы келетіндерге арналған пай қоры. Асанның 100 000 теңгесі болса және оны осы қорға салса, онда оның кірісі мен бастапқы сомасы теңгеде болады. Ол пайдасын теңгемен алады. Бұл валютаның құбылып тұратынына бас қатырғысы келмейтіндерге, шығындарын теңге бойынша жоспарлайтын және валюта айырбастауға байланысты қосымша тәуекелдерден аулақ болғысы келетіндер үшін ыңғайлы. Қордың жылына кірісі – 20%, бірақ ол өзгеруі мүмкін. Акцияны сатып алу үшін бастапқыда кемінде 100 000 теңге жұмсау керек. Инвестор өз пайын басқарушы компанияға әр айдың 25-іне дейін сата алады.
Иллюстрация: Stan.kz
Ал ірі ойыншы болсаңыз, қомақты қаржыға ие болсаңыз, Halyk Finance-тың басқа да пай қорларын қарастыра аласыз.
"Halyk – Валютный" ИАПҚ – бұл әртүрлі валютаға инвестициялауға маманданған инвестициялық қордың түрі. Оның негізгі мақсаты – жиі өзгеріп тұратын валюта бағамының айырмашылығынан табыс табу. Мысалы, Маржан ақшасын "Halyk – Валютный" пай қорына салуға шешім қабылдады. Ол осы пай қорындағы активтерді доллар, еуро валютасы бойынша сатып ала алады. Валюталардың бірінің құны өссе, Маржан одан пайда көреді. Бұл оның жинағын валюталық қауіптен қорғауға, капиталын арттыруға көмектеседі. 2024 жылғы 1 шілдедегі ақпарат бойынша, "Halyk – Валютный" пай қорының кейінгі 12 айдағы табысы – 8,18%. Дегенмен кейде валюта бағамы түсуі де мүмкін екенін ескерген жөн.
Бұл пай қорын әр тоқсан сайын – 15 қаңтарға дейін, 15 сәуірге дейін, 15 шілдеге дейін, 15 қазанға дейін басқарушы компанияға сатуға болады. Ал әр сайын компания менеджері кеңесін және есеп беріп отырады.
"Halyk – Ликвидный" ИАПҚ – активтерге оңай әрі қарапайым түрде инвестиция салуды ұсынатын пай қоры. Мысалы, Айдос инвестициядан табыс табу үшін осы қордың акцияларын сатып алады. Осылай ол өз қаржысын аз қауіппен басқарады және кірісін арттырады. 2024 жылғы 1 шілдедегі ақпарат бойынша, "Halyk – Ликвидный" пай қорының кейінгі 12 айдағы табысы – 6,82%. Бұл пай қорындағы активтерді ай сайын сатуға мүмкіндік бар.
"Halyk – Перспективные инвестиции" ИАПҚ – ұзақ мерзімді негізде капиталын арттырғысы келетіндерге арналған пай қоры. Қор табысты көбейту үшін келешегі бар компаниялардың акцияларын, жоғары несиелік рейтингі бар облигацияларды және басқа да активтерді инвестициялайды. 2024 жылғы 1 шілдедегі ақпарат бойынша, "Halyk – Перспективные инвестиции" пай қорының кейінгі 12 айдағы табысы 9,21% болған.
"Halyk – Сбалансированный" ИАПҚ – тәуекелдерді азайту үшін және пайда көру үшін акция, облигация сияқты әртүрлі активке ақша салуға көмектесетін пай қоры. Әйгерімнің бір себет толы жұмыртқасы бар деп елестетіңіз. Ол күтпеген жерден барлық жұмыртқасынан айырылып қалмасы үшін оларды бірнеше себетке бөліп салып қояды. Сонда оның бір себеті құлап, ішіндегісі шағылып қалса да, екінші және үшінші себеттегі жұмыртқалары өзінде қалады. Дәл сол сияқты адам қолында бар ақшасының бір бөлігін акцияларға, екінші бөлігін облигацияларға жұмсай алады. 2024 жылғы 1 шілдедегі ақпарат бойынша, "Halyk – Сбалансированный" пай қоры кейінгі 12 айдағы табысы – 9,20%.
Дегенмен инвестордың пайдасына алдын ала болжам жасалатынын ескеру керек. Болжам мен нақты табыс көрсеткішінде айырмашылық болуы мүмкін. Басқарушы компания оған кепіл бермейді.
Қорытындылай келе, Halyk Finance қаржы секторында көшбасшы болып, өз қызметін тиімді әрі ашық жүргізуге ұмтылатынына көз жеткізуге болады.
"Halyk Finance" АҚ-ның бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған №3.2.229/7 лицензиясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 04.11.2016 жылы қайта ресімдеді, мерзімсіз. Пайлардың құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақтағы кірісті анықтамайды. Мемлекет инвестициялық қорларға салынған инвестициялардың кірістілігіне кепілдік бермейді.