"Халықтан алып, халыққа берді": Құлсары қаласына гуманитарлық көмек жіберген Роза Әлқожа сынға қалды
Танымал әнші Роза Әлқожа су тасқыны болып жатқан өңірге көмектесу үшін халықтан ақша жинады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha/
Өнер иесі бір күн бұрын әлеуметтік желідегі парақшасында жеке есепшотын көрсетіп, су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинады.
“Сіздерден жиналған 500 мың теңгенің есебі. Біз түнделетіп "Диета.кз" тобына келдік. Өйткені жігіттер Құлсарыға ең қажет заттарды тиеп жатыр екен. Жасұлан "ақшалай алмаймыз, тек заттай беріңіздер" деп жатыр. Ертең сіздерден кешеден бері жиналған 500 мың ақшаға қап пен резіңке сатып алып, жігіттерден беріп жібереміз. Осымен сбор тоқтатамыз. Сосын қандас бауырлар, саудагерлер, ел басына күн туғанда қап пен резіңке етікті қымбаттатпаңыздар. Керісінше, осындайда жеңілдікпен бермейсіздер ме? Алла бардың берекесін берсін. Баршаңызға рақмет, сауаптан жазсын. Әуелде құр жатпайық деп сбор ашып едік, сөге жамандамаңыздар. Өнер адамдары да басқа адамға, басқа картаға жинап жатырмыз. Олар да бізден бөлек, үнсіз, жарияламай, беріп жатыр екен", – деп жазды әнші.
-
"Қара шаңырақ еді": Жанболат Найзабеков балалық шағы өткен үйінің суға кеткенін көріп, жылап қалды
-
"Апаттан абырой жинамайық": Бағлан Әбдірайымов су тасқынын әзілге айналдырғандарға ашуланды
Желі қолданушылары өнер иесінің бұл әрекетін сынға алып, әріптестерімен салыстырды.
“Мәдина Сәдуақасова өз атынан 1 миллион теңге беріп еді”, Халық сіздерсіз, ақыл сұрамай-ақ жылу жинауды бастап кеткен, бізден ақша жинағанша, халыққа өздеріңіз не беріп жатсыздар", "халықтан ақша жинап жатырмыз" дегендеріңіз ұят екен", "сіздер халықтан алып, халыққа беріп, жақсы көрінбей-ақ қойыңыздар, халықтың ашуына тиетін тірлік жасадыңыздар", "халықтан жинамай, өз қалтаңыздан шығарған жарасады", "500 мың теңгені неге өзі бермейді?", "халықтан жинағаның күлкілі", – деп пікір жазды тыңдарман қауым.
Еске салайық, Роза Әлқожаның әріптесі, әнші Сәкен Майғазиев кез келген іске өнер адамдарын араластырмауды өтінген еді.