"Халыққа қай бетімізді айтамыз": БҚО басшысы дүркіретіп той өткізген ауыл әкімін жазалауды тапсырды
Батыс Қазақстан облысының басшысы Ғали Ісқалиев баласына дүркіретіп той жасап берген ауыл әкіміне қатысты қатал шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Облысы әкімі аталған жағдай туралы Ақжайық ауданының әкімінен сұраған.
"Біз той жайлы ешнәрсе білмедік. Бұны БАҚ-тан естідік. Қазір Татажан Өтемісов еңбек демалысында, телефоны сөндірулі. Хабарласа алмай жатырмыз", - деп жауап береді Ақжайық ауданы әкімінің міндетін атқарушысы қол астындағы қызметкерінің әрекеті жайлы.
Ісқалиев мұндай шенеуніктерге мемлекеттік қызметте орын жоқ екенін басып айтты.
"Егер біз өзіміз ережелерді сақтамасақ, халыққа не бетімізді айтамыз", - деген облысы басшысы ауыл әкіміне қатысты шара қолдануды тапсырды.
Еске салайық, бұған дейін Ақжол ауылдық округінің әкімі өзінің баласына мейрамханада дүркіретіп той жасап бергені жайлы айтылған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі