Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықаралық олимпиадада жүлделі орын иеленген оқушы 4,5 миллион теңге алады: Президент заңға қол қойды

Халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлем төленеді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәйкес заңға қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

оқушы

"Жақында президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4 770 000 теңге), күміс медальға 1 000 АЕК (3 180 000 теңге), қола медальға 500 АЕК (1 590 000 теңге) көлемінде ақшалай сыйақы беріледі", – деп жазды білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде.



Министрдің айтуынша, оқушыларды жарысқа дайындаған мұғалімдерге де біржолғы сыйақы қарастырылған. Одан бөлек халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қазақстандық жоғары оқу орындарына түсу үшін автоматты түрде грант беріледі.

Аймағамбетов Алматыда қала мектептерінде оқитын республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтағанын айтты. Биыл жүлделі орындарды еліміздің барлық өңірінен 920 бала иеленген. 183 оқушы алтын, 274 оқушы күміс және 463 оқушы қола медаль иегері атанды.

Аймағамбетов білім министрлігі балаларға жағдай жасау және олимпиадалық қозғалысты дамыту жұмыстарын жалғастыра беретінін атап өтті.

Талқылау