Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсарыда әкімдік 1,8 млрд теңгеге ойын алаңын салмақ

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсарыда әкімдік 1,8 млрд теңгеге балалар ойын алаңын салмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы деректерге сүйенсек, Құлсары қаласы әкімдігі тендер жариялап, 2024 жылдың 26 сәуірі күні тараптар шарт жасасқан.

Шарт атауында тұрғын үй емес ғимараттарды немесе құрылыстарды салу бойынша қызмет көрсету екені жазылған. Алайда шарттың техникалық сипаттамасында құрылыс алаңы туралы толық ақпарат жоқ.

"Ойын алаңының негізгі мақсаты – балалардың демалысы мен ойын-сауық орны ретінде қызмет ету. Жарқын балалар ойын алаңдары баланың бос уақытын әртараптандыруға және оны қызық өткізуге тамаша мүмкіндік береді. Олар тек ойын-сауық емес, сонымен қатар дамытушылық, тіпті тәрбиелік мәнге ие", – делінген хабарламада. 


Әкімдіктің ұсынысына келіспеген құлсарылықтар Теңізге баратын жолды жабатындарын мәлімдеді: Қалада интернет өшті


Құлсары қаласы – су тасқынынан ең көп зардап шеккен өңірдің бірі. Қазір тұрғындар қирап қалған баспана үшін берілетін өтемақы мөлшері мен төлеу мерзіміне наразылықтарын білдіріп жатыр. Олар қираған тұрғын үй үшін өтемақы көлемін әкімдік уәде еткен шаршы метріне 200-240 мың теңгенің орнына 400 мың теңгеден белгілеуді талап етіп отыр. Әрі ақшаны құрылыс компанияларына емес, өздеріне аударуды сұраған.

Еске салсақ, бұған дейін Құлсары тұрғындары Жылыой аудандық әкімдігінің алдына түнеп шыққаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 21 Мамыр, 2024 19:32
Талқылау