Халық қаласа, Назарбаевтың атын көше мен ғимараттан алып тастай алады – Әділет министрі
Әділет министрі Қанат Мусин Назарбаевтың атын көше мен ғимараттан алып тастау халықтың еркінде екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото:Рауль Гарифулин
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшелер мен ғимараттардың атауын ауыстыру туралы сұрады.
Министрдің айтуынша, бәрін халықтың өзі шешеді.
"Барлығы қазақстандықтардың өзіне, сол қалада тұратын адамдардың еркіне байланысты. Себебі көшелердің атауына қатысты шешімді жергілікті билік органдары қабылдайды", - деді Мусин.
Оның айтуынша, қазіргі тәртіпке сәйкес, қаладағы көше немесе ғимарат атауын ауыстыру үшін алдымен қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады. Сол жерде халықтың пікірі ескеріледі. Одан кейін мәслихат пен ономастикалық комиссияның қарауына шығарылады.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған