Халық дәрі-дәрмекке ақша шығармайды: Цой тегін препараттар тізімі толықтырылғанын айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысы барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр коронавирустан үйден емделетін науқастарға берілетін тегін дәрі-дәрмектің тізімі толықтырылғанын айтты. Цой бұл халық үшін тиімді болатынын жеткізген.
"Амбулаториялық деңгейде емдеуге арналған дәрі-дәрмек тізімі кеңейтілді. Яғни, коронавирус анықталған науқастың ауруы жеңіл формада болса, ПТР тестің нәтижесіне қарамастан, тіркелген ауруханадағы дәрігерінің нұсқаулығы бойынша дене қызуын түсіретін дәрілер мен антикоагулянттарды тегін ала алады. Бір миллионға жуық адамды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл халықтың дәрі-дәрмекке құртатын шығынын азайтады", - дейді Цой.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген