"Халық білуге құқылы": Қазақстанға шетелден әкелген асыл тұқымды малдан қауіпті аурулар таралуда
Қазақстанға асыл тұқымды малмен бірге қауіпті аурулар келді. Бұл туралы сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Асыл тұқымды жануарлармен бірге Қазақстанға қауіпті аурулар әкелгені белгілі болды. Сенатор өлген мал туралы ешкім хабарламағанына наразы.
Ақылбек Күрішбаев ел мемлекеттік субсидияны қоса алғанда, шетелден сиыр сатып алуға жарты миллиард доллардан астам қаражат жұмсағанын еске салды.
"Біздің қоғам осы импорттық малдың қаншасы өлгенін және жалпы жобада қойылған міндеттердің қаншалықты орындалғанын әлі күнге дейін білмейді, дегенмен білуге құқылы, ол тек жеке инвестициялар есебінен ғана емес, салық төлеушілердің ақшасымен де іске асырылған", - деді ҚР парламенті сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”