Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлназ Жоланова жақында тұрмысқа шығатынын айтты

Жуырда Баян Есентаева қыз ұзатып, «құдағи» атанса, таң қалмаңыз! Өйткені, «Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы Гүлназ Жоланова, жеке өміріндегі жағымды жаңалығын жеткізді. Актрисаның таңдаған серісі кім? Тойдың уақыты қашан?

Бұл сұраққа сұлудың өзі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында жауап берді.

Отандық шоу-бизнестегі ең танымал әрі басы бос сылқымға бұл сұрақтар да жиі жолданады. Бүгінде Гүлназ сезімін селт еткізген серіні жолықтырғанымен, әзірге есімін жариялауға асығыстық танытып отырған жоқ.

“Дәл қазір, 5-6 айдан кейін немесе бір жылдан кейін тұрмысқа шығамын деп айта алмаймын. Көре жатармыз, 2-3 жылдың ішінде шығар. Нақты тұрмысқа шыққан уақытта, кім екенін, қалай таныстым, не болғанын барлығын өзім айтамын”, – дейді Жоланова.

Гүлназ алғашқыда «Қазақ аруы-2014» байқауында үздік атанып, Баян Мақсатқызының көзіне түскен болатын. Азулы продюсер, қарапайым қыздың кино әлемінде де жұлдызын жақты. Есесіне ол әр сәт сайын экс-Есентаеваға есеп беріп отырады екен.

“Продюсермен бірге талқылаймыз. Қандай фильм? Қандай кейіпкер? Ол өзінің кеңесін айтады. Бұл кейіпкер саған жарасады, жараспайды. Немесе бұлай болғаны дұрыс. Мына фильмге түскенің немесе түспегенің дұрыс деп айтатын кеңестері бар”, – деп түсіндірді Гүлназ.

Ақылдасып, кеңесуінің себебі де бар. Баян Мақсатқызы мен Гүлнәз Жоланова арасында 5 жылдық келісімшартқа қол қойылған.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал қазақ актері ұлы сал боп туған соң, әйелімен ажырасып кетті (фото)

Абай мен Асхат : Халықтың есінде тек той әншісі болып қалуға ұяламыз

Қайрат Нұртас сахна төрінде өз туысының тұсауын кесті (видео)

Еспанов болашақ келіні жайлы естігенде баласын үйленбеуге көндірген (фото)

Қырықта қылық шығардым: Сахнада бидің түбін түсірген Тоқтар Серіков көпті сүйсіндірді (видео)

Талқылау