Гүлзира Айдарбекова: Кейде сенімен кімнің қалатынын білу үшін қате шешім қабылдауың керек
Гүлзира Айдарбекова өмір жайлы ой толғады. Танымал продюсер 50 жылдан аса ғұмырында түсінген философиясын бөлісті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айдарбекованың айтуынша, қиын сәттерде саған адал болып қалатын жандарды білу үшін кейде қателесіп тұру керек.
"Кейде, сенің артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек.
Кейде, сені кім тыңдайтынын байқау үшін дауысыңды бәсеңдетіп сөйлеуің керек.
Кейде бәрі астан-кестең болып жатқанда, сенімен кімнің қалатынын білу үшін, қате шешім қабылдауың керек. Бұған қосар бір тағы бір ойым жеңуім үшін көп жерде жеңілуім де керек. Сәресі ішіп отырған сіздерге Алла мол сауап жазсын! Түннен 4 көзіміз түгел амандықпен оянуымызды Алла қабыл етсін!", - деп жазба қалдырды продюсер желідегі парақшасында.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады